Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты – видео

14 қаңтар, 17:21
848

Қарағанды облысында болған жол апаты кезінде BMW Х5 автокөлігі жанар-жағармай станциясының таблосына кіріп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Жол апатының видеосы Патриот Telegram-арнасында жарияланды.

 

 

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарағанды – Сарань тасжолында болған. BMW Х5 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқандардан басып озамын деп, жол жиегімен қатты жылдамдықпен жүрген. Ал жанар-жағармай станциясына бұрылған Audi жүргізушісі оны көрмей қалған. Джип оны соғып, инерциямен "Қазмұнайгаздың" таблосына кіріп кеткен.

 

"Оқиға орнында BMW-ның бір жолаушысы қаза болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.

 

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мамандар қажетті сараптамаларды жасауға кірісті.