Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған жалғыз қыз ауруханадан шықты

13 қазан, 19:54
706

30 қыркүйек күні елордада екі жүргізуші мен үш жолаушының өмірін қиған үлкен жол апаты тіркелген еді. Тірі қалған жалғыз бойжеткен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Әртүрлі жарақат алған қызды дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми травматология орталығына жатқызған болатын. Дәрігерлер 4,5 сағыт бойы омыртқасы мен жұлынына операция жасап қызды аман алып қалды.

 

Жағдайы тұрақталған соң оны жансақтау палатаға ауыстырды.

 

"Кеше бойжеткенді үйіне шығардық, ол өзі жүріп-тұрады. Дегенмен, оңалтудан өтуі керек", — деп мәлімдеді Ұлттық ғылыми орталық маманы Express Qazaqstan тілшісіне.

 

Айта кетейік, жалпы, жыл басынан бері бұл орталыққа 23 мыңнан астам науқас түскен. Соның ішінде 300-ге тарта адам автокөлік апатынан зардап шеккендер.

 

Ал, Express Qazaqstan бұған дейін хабарлағандай, жантүршігерлік жол апаты Есіл өзені арқылы өтетін ірі көпірлердің бірінде болды. Жолдың қарсы бетіне шығып, келесі көлікпен соқтысқан 19 жастағы жігіттің әкесі жуырда қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.