БҚО-да жол апатына ұшыраған полицей ауруханада көз жұмды

10 маусым, 13:40
1031

9 маусым сағат 19:45-те Орал-Ақсай автожолының 25 шақырымында жол апаты болып, ВАЗ-2110 маркалы автокөлігінің рөлінде болған полиция өкілі қайтыс болды деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

БҚО полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлді игере алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған полиция өкілі ауруханада көз жұмған. Оның жанында екі жолаушы болған, олар зардап шекпеген.

 

Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.