Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 17-орынға көтерілді

14 қыркүйек, 17:02
162

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын жақсартып, қазір 17-орынға көтерілді.

 

Ал Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 44-орынға жайғасты.

 

Зарина Дияс бес сатыға көтеріліп, әлем рейтингінде 105-орында тұр.

 

Жұптық санат бойынша Анна Данилина бір саты жоғарылап 88-орынға көтерілді.

 

Өз кезегінде Жібек Құламбаева мен Гозал Айтиндинова 466 және 493-орындарды иеленді.

 

 

 

24.kz