Конор Макрегор 9 жылда қанша табыс тапқанын айтты

14 қаңтар, 18:34
439

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Конор Макрегор соңғы 9 жылда қанша табыс тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Ирландиялық спортшы 2013 жылы әйгілі UFC промоушенындағы алғашқы айқасының алдында есеп шотында бір центтің болмағанын айтады. Қазіргі таңда Конордың шотында 240 млн еуро (273 млн АҚШ доллары). Спорттық карьреасында 22 кездесуде жеңіске жетіп, 6 мәрте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет өткен жылы жазда америкалық Дастин Порьемен жекпе-жек өткізіп, жарақат алған еді.

 

Кейбір БАҚ өкілдерінің арасында Макрегордың жалпы табысы 400 млн еуро деп те айтылып жүрген. Алайда UFC промоушнын жаңа деңгейге көтерген бір кездері жұмыссыз жүрген спортшы 240 млн еуро деп шегелеп айтты.