Арман Оспановтың америкалық "Баскесермен" жекпе-жегіне тікелей трансляция

10 маусым, 13:32
1288

Бүгін, 11 маусымға қараған түні қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман "Сұңқар" Оспанов (11-3) америкалық Professional Fighters League промоушеніндегі бірінші айқасын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Атлантик-Сити қаласында өтетін PFL 4 турнирінде Арманның қарсыласы Крис Уэйд (18-6) болады.

 

"Лонг-Айлендтен шыққан баскесер" лақап атты америкалық спортшы 2014 пен 2017 жылдары UFC-де өнер көрсеткен.

 

Трансляцияның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 05:00.

 

 

Еске салайық, Арман кейінгі рет шаршы алаңға наурызда шығып, бірінші раундта ресейлік Расул Мирзаевты (18-3) нокаутқа түсірген.

 

Уэйд болса сәуірде жұдырықтасып, франциялық Энтони Дизиді (13-4) төрешілер шешімімен жеген.