Головкиннің келесі қарсыласының есімі ресми түрде жария етілді

20 мүмкін, 23:02
0 1

Өткен жылы Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Алайда бұл жекпе-жек ұйымдастырылмады  

DAZN платформасы ресми түрде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады.  

Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының менеджері Эдди Хирн поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Өткен жылы Madison Square Garden-дағы Стив Роллсқа қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Алайда бұл жекпе-жек ұйымдастырылмады. Содан кейін Головкин мен DAZN алдымен Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, содан кейін Камил Шереметаға қарсы белбеуді қорғауды жоспарлап қойды. Бұл жекпе-жектің екеуіне де қол қойылды. Шеремета Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы қол қойылған келісімшартты алды", - деді Хирн.

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жыл соңында өтуі керекдеп түйіндеді ол.