Майкл Джорданның спорттық аяқ киімі 560 мың долларға сатылды

19 мүмкін, 11:14
0 1

Атақты баскетболшы Майкл Джорданның аяқ киімі аукционда 560 мың долларға сатылды, деп хабарлайды 24.kz.

 

Аты аңызға айналған спортшының қолтаңбасы бар кроссовки 1985 жылы Джордан «Чикаго буллз» командасында өнер көрсетіп жүргенде тарту етілген.

 

 

Бастапқыда «Сотбис» сауда үйінің өкілдері арнайы тігілген аяқ киімді 150 мың долларға өтеді деп болжаған. Бірақ бәссауда аукцион аяқталғанша жүріп, соңғы сағаттарда баға екі есеге көтеріліп, рекордтық соммаға сатылды.

 

Интернет саудаға әлемнің алты елінің өкілі қатысты.