«Тоқтықтан»: Асты аяқпен басқан челлендж жұртты ашуландырды (видео)

19 сәуір, 20:03
875

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған.

 

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды. Нанның киесі атады. Мұны балалар көреді. Өзіміздің кейбір жасөспірімдер қайталап та жатыр», – деп жазды қолданушылар.

 

ВИДЕО мына жерде.

 

Tik-Tok – әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің бірі. Ол әсіресе жасөспірімдер арасында аса танымал. Күн сайын 800 миллионнан астам аудиторияны қамтиды.

 

 

 

turkystan.kz