Қазақстан мен Ресей шекарасында Көптоғай аулының маңындағы қоршаулар алынды

19 сәуір, 17:22
684

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алып тасталды. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ мәлімдеді деп хабарлайды azh.kz.

 

Оның айтуынша, бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, Қиғаш өзенінің бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды.

 

- 13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мал су ішіп, егін суару үшін өзенге шығу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін кедергі жоқ, - деді М.Мурзиев.

 

 

Бұған дейін, 14 сәуірде Қазақстан мен Ресей шекарасында Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында жаңа шекара қоршауын салу жұмыстары басталған еді. Тұрғындар қоршауға наразы болды.

 

Мәселе Қиғаш өзені бойындағы ұзындығы 1500 метр және ені 10-дан 70 метрге дейінгі учаскеге байланысты туған. Каналға су тек көктемде толып, жазда кеуіп қалады. Ондаған жыл бойы мұнда жергілікті тұрғындар мал бағып келген.

 

ҚР ҰҚК шекара қызметі бұл жағдайға түсініктеме беріп, жұмыс екі ел арасында 2005 жылы болған келісімдерге сәйкес демаркация жұмыстары аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Сол кезде нақты шекара белгіленген. Дәл сол кезде шекара тіректерін орнату жұмыстарында қате жіберілген.

 

 

kaz.tengrinews.kz