Нұр-Сұлтанда көп балалы отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылданады

16 сәуір, 17:05
916

Тұрғын үй орталығы 21 сәуірден бастап көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады.

 

Осы санат бойынша кезекте тұрған көпбалалы отбасылар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады.

 

Барлығы 94 пәтер бөлінді, оның ішінде:

 

89 үш бөлмелі пәтер (74,6-76,1 шаршы метр);

 

5 төрт бөлмелі пәтер (97 шаршы метр).

 

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

 

Орналасқан жері: Қордай көшесі 79 және Қордай көшесі 79а.

 

Құжаттарды қабылдау күні: 2021 жылдың 21 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 28 сәуірі сағат 23:59-ға дейін.

 

Құжат қабылдау qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы тек электронды түрде жүргізіледі.

 

Тұрғын үй қоры хабарлағандай іріктеу "Көп балалы отбасы" санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандар арасында өтеді. Іріктеу барысында отбасы құрамы мен тұрғын үй кезегіне қою күніне мәні беріледі. 

 

Бағдарламаға 2006-2021 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Ал өтінім тапсырғандардан кезекте басқаларынан ұзақ тұрғандарға басымдық беріледі.

 

Қалай тапсыруға болады

 

ЭЦҚ кілті;

 

барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы немесе бары жайлы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

 

балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

 

некені қию/бұзу/ әкелікті анықтау туралы/, өлім туралы ф-4 анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

 

жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

 

мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

 

созылмалы аурудың толық атауын, жеке бөлмеге және белгілі бір қабатқа мұқтаждығын көрсете отырып созылмалы аурудың медициналық қорытындысының сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

 

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайтары мен тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

 

 

 

sputnik.kz