ҮШБУЫНДЫ МОДЕЛЬ – ҚҰҚЫҚҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

13 қазан, 20:08
185

«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл - Президент сөзі. Адам тағдыры таразы басында тұрған істің бұрмаланып кетпеуі үшін Президент үш буынды модельді енгізуді тапсырған еді.

 

Ал, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қандай?

 

Бұл туралы Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Бағлан Төлеу мәлім етті.

 

 

Үш буынды модельде полиция­ның міндеті не? Прокурор немен ай­налысуы қажет?Сот ор­ган­­дарының мақсаты қандай? Заманына қарай Заңы... Бұрын тергеушілер күдіктіге қатысты материал­дар­ды іске тіркегеннен кейін ғана про­куратураға таныстыратын. Ал тергеу ісінен қандай да бір қателік не кемшілік кетсе, іс толығымен кері қайтарылып, осының барлы­ғы уақыт алатын. Ал жаңа жүйе­де тергеу органдарының әр қа­да­мы жіті бақылауда болып, әр шешімдері жан-жақты бағаланатын болады.

 

Бағлан Төлеу - Шымкент гарнизонының әскери прокуроры

 

Өткен жылы Мегақаладағы әскери гарнизондарда 25 қылмыс тіркелді. Үшбуынды модельге көшкелі, биыл тоғыз айда бұл көрсеткіш айтарлықтай азайған. Небәрі 8 қылмыс.

 

Бағлан Төлеу - Шымкент гарнизонының әскери прокуроры

 

 «Бұл модельде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: полиция, прокуратура және сот. Бұл құрылымдар арасындағы өкі­лет­тіктер де нақты анық­талған», дейді әскери прокурор. Мұндай шектеу негізсіз әрі заң­сыз ше­шім­дерден қорғап қана қой­май, қыл­мыстық процестің заң­дылығын қам­тамасыз етуде түр­лі құқық қорғау ке­дер­гілерді ту­дырады. Өйткені үш буынды жүйе­нің әр кезеңі қылмыстық істі сот­­қа жетпей тұрып жіті сүзгіден өткізіп шығады.