Өзбекстан президенті Лукашенконың мәлімдемесіне қатаң жауап берді

14 қаңтар, 19:21
547

Өзбекстанда кез келген қауіпке адекватты түрде жауап беру үшін қажетті дегеннің бәрі бар. Бұл туралы 13 қаңтарда қауіпсіздік кеңесінің отырысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлім етті.

 

«Жақында кейбір мемлекет басшылары Өзбекстан Қазақстандағы оқиғалардан сабақ алуы керек деген негізсіз мәлімдеме жасады», - деді ол Беларусь президенті Александр Лукашенконың жақында айтқан сөздеріне түсініктеме беріп.

 

Оның айтуынша, Өзбекстан билігі аймақтағы жағдайды жіті қадағалап отыр. Кез-келген қауіпке төте бере алатын қажеттіліктің бәрі бар екенін жеткізді.

 

 

adyrna.kz