Ресейде антиваксерлерді қылмыстық жазаға тарту жоспарланып отыр

25 қараша, 10:13
403

Ресейде антиваксерлерді қылмыстық жазаға тарту жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

 
Тергеу комитеті мен Бас прокуратураға қоғамда вакцинацияға қарсы белсенді түрде науқан жүргізетін 37 адамның деректері жіберілді. Олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207.1 және 207.2 баптары, ауыр зардаптарға әкеп соққан көрінеу жалған қоғамдық-маңызды ақпаратты тарату бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

«Тергеу органдары жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның зияны туралы жалған ақпарат тарататын медицина қызметкерлеріне баса назар аударуда», - деп хабарлайды Ресейдің тұтынушылық қадағалауы.

Грекия үкіметі ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы ревакцинациялаудың артықшылықтарын түсіндіруде. Грек ұлттық вакцинация комитетінің басшысы Мария Теодориду COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның үшінші дозасын егу қажеттілігі туралы хабарлады. Үшінші дозадан кейін антиденелер мөлшері жылдам көбейетіндіктен ревакцинация вирустың таралуын азайтуға көмектеседі және вакцинацияланбаған адамдарда үш есе жиі кездесетін COVID-19 ауыр асқынуларының алдын алады. Бүгінгі таңда Грецияда халықтың 62,3%-ы вакцинацияның толық курсынан өтті.

azattyq-ruhy.kz