Президентті жерлеуге мемлекеттен ақша бөлінбейтін болды

21 шілде, 13:12
379

Осылайша, олар мемлекет қаражатын шығындамайды.

Гаити президенті Жовенель Моизбен қоштасу 22 шілдеде, ал жерлеу рәсімі келесі күні өткізіледі. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жерлеуге кететін шығындарды Моиздың отбасы толықтай өздері көтереді. 
Осылайша, олар мемлекет қаражатын шығындамайды. 

Президенттің отбасы республика басшысын жерлеумен байланысты шығындардың барлығын толықтай өз мойындарына алады. Президенттің жесірі мемлекеттің қаржылық қолдауын бұл мақсатта пайдаланғысы келмей отыр, - деген ақпаратты елдің бұрынғы басшысының ресми өкілдері таратып отыр. 
Президент Моиз 7 шілде күні оның резиденциясына белгісіз біреулердің шабуыл жасауы кезінде оққа ұшқан болатын. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы жараланды. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Жозеф халықты сабырға шақырып, қауіпсіздік саласындағы жағдайды қарулы күштер мен полиция бақылауда ұстап отырғандығын айтты. Ал министрлер кеңесі республикада 15 күнге әскери жағдай жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірмес бұрын азаптағандары туралы жазған болатынбыз.