"Ажалмен ойнаған" белгілі блогер көз жұмды

19 сәуір, 17:43
960

Египеттің атақты блогері Умм Зияд өткен жылдың сәуірінде өтірік өлгендей болып, жанұясы мен мыңдаған желі қолданушыларының зәресін ұшырған.

 

Ал тура бір жылдан кейін ол көз жұмды деп жазады Lenta.ru.

 

Блогердің қазасын ағасы Хамди растап отыр.

 

Оның сөзінше, Умм Зиядтың үйінде тұрған су жылытқыштан газ шығып кеткен. Содан марқұмға ауа жетпей, тұншығып қалғаны анықталды.

 

Сонымен қатар, Умм Зияд бірнеше күн бұрын ролик түсіріп, онда өзін нашар сезініп жүргенін жеткізген.

 

Айта кетейік, блогер "Умм Зиядтың күнделігі" атты YouTube желісіндегі арнаны жүргізген. Оның парақшасында 700 мың адам жазылған.

 

Өткен жылдың сәуірінде Умм Зияд күйеуі мен балаларының реакциясын тексеремін деп, өтірік өлгендей болған. Артынан видеоны желіге де жүктеді. Ал тура бір жылдан кейін 9 сәуірде көз жұмды. 

 

 

 

kaz.nur.kz