Таулы Қарабақ мәселесі: Әзербайжан парламенті Францияны Минск тобынан шеттетуді сұрады

27 қараша 2020, 14:42
836

Франция сенаты мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының тәуелсіздігін тану туралы резолюция қабылдағаннан кейін Әзербайжан парламенті Таулы Қарабақ бойынша құрылған Минск тобынан Францияны шеттетуді сұрады.

 

25 қарашада Франция парламентінің жоғары палатасы үкіметті сепаратистік аумақты тәуелсіз республика ретінде мойындауға шақыратын резолюция қабылдаған еді. Резолюцияның рекомендациялық сипаты бар.

 

Осы айдың басында Армения Таулы Қарабақта соғыстың тоқтауына ықпал еткен Мәскеу араағайындық еткен келісімге қол қойып, сондағы үш ауданды Әзербайжан жағына қайтаруға келіскен.

 

Ресей мен АҚШ тең төрағалық еткен Минск тобы жылдар бойы қақтығысты реттеуге күш салғанмен соғысқа біржолата нүкте қоятын келісім әлі қабылданбады.

 

Француз сенаторларының бастамасынан кейін әзербайжан депутаттары бейсенбі күні Минск тобына жетекшілік ететін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) Францияны ұйым төрағалығынан шеттетуге шақыратын резолюция қабылдады. Олар сонымен бірге Бакуды Франциямен саяси-экономикалық қарым-қатынасты қайта қарастыруға үндеген.

 

 

azattyq.org