Коронавирустан бір күнде 645 адам қайтыс болды

27 қараша 2020, 13:09
617

Қаралы хабарды осы елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.

 

Осылайша латынамерикалық елде ковидтен көз жұмғандар қатары 104 мыңнан асқан.

 

Сонымен бірге соңғы тәулікте 8 мың 107 тұрғынның індетті жұқтырғаны анықталды.

 

Осының алдында Мексиканың Сыртқы істер министрі желтоқсан айының ортасында жаппай екпе шаралары басталатынын мәлімдеген болатын.

 

Оның айтуынша, жергілікті билік АҚШ пен Еуропада әзірленіп жатқан вакциналардың ресми куәлік алғанын күтіп отыр.

 

 

24.kz