Ресейлік COVID-19 вакцинасының сынақ нәтижелері күмәнді деп жарияланды

25 қыркүйек, 15:20
0 1

Ұлыбританиядан келген ғалымдар тобы деректерді талдап, коронавирусқа қарсы "әлемдегі алғашқы" ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары күмәнді нәтиже бергенін мәлімдеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы. 

Sputnik V вакцинасының иммундық жауапты тудыратыны туралы алғашқы есептер The Lancet басылымында жарияланған.

Осыған сәйкес, халықаралық ғалымдар бірнеше ауытқуларды атап өтті. Вакцинаны енгізгеннен кейін әр уақытта түрлі адамдардағы иммундық жауаптың деңгейін көрсететін графиктер мәліметтердегі қайталанатын заңдылықтарды көрсетеді. Сарапшылар бұл "екіталай" деп болжайды.

Лондон университеті колледжінің ассистенті, дәрігер Кристоффер ван Туллекеннің айтуынша, ауытқудың бұл мөлшері өте ықтимал емес болып көрінетін кездейсоқтардың қатары болып табылады.

Daily Mail-дің хабарлауынша, вакцинаны жасаған Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Денис Логунов The Lancet басылымында жарияланған статистикалық айыптаулармен келіспейтінін айтты.