Франция президенті әскери операция басталатынын жариялады

26 марш, 10:47
0 1

Францияда коронавирус кең тарап, қарқын алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Індетпен күресу үшін ел президенті Эммануэль Макрон аймақта арнайы әскери іс-қимылдың басталуын жариялады. «Рух күші» деп аталған бұл бағдарлама коронавируспен күреске бағытталатын болады.

 

Айта кетейік, қазір Францияда 25 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Қауіпті инфекциядан 1 мың 331 адам көз жұмды.


Эммануэль Макрон, Франция президенті:

 

– Індетпен күресу жұмыстарына атсалысып жатқан барлық салаға алғысымды айта отырып, алдағы әрекеттеріміз қандай болатынын нақтылау үшін жұма күні жиналыс өткіземін. Әскери операцияның басталуын елдің әскери және қорғаныс министрі құптап отыр. Операция Франциядағы COVID-19-бен күрес жұмыстарына бағытталады. Бұл логистика мен денсаулық сақтау саласына үлкен көмек болмақ.