Қазақстан коронавирусқа қарсы таблеткаларды сатып ала ма? ДСМ жауабы

24 қараша, 18:11
502

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer фармацевтикалық компаниясы шығаратын коронавирусқа қарсы "Паксловид" (Paxlovid) таблеткаларын Қазақстанға сатып алу және жеткізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен құпиялылық туралы келісімге қол қойған, оның аясында "дәрі-дәрмекті жеткізу бойынша келіссөздер туралы ақпарат жарияланбайды".

"Қазіргі уақытта Paxlovid препаратын қолдануға рұқсат берілмеген. Осыған байланысты, болашақта Paxlovid препаратын жеткізу ықтималдығы COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу тиімділігіне байланысты болады", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Tengrinews.kz суалына берген жауабында.
 
 
Министрлік препарат клиникалық сынақтан өтіп жатқанын айтты.

Бұған дейін Pfizer COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануға өтініш бергені хабарлаған болатын.