Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1,5 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр

25 шілде, 12:00
631

2021 жылдың 25 шілдесіндегі ақпарат бойынша, Қазақстанда 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (–76 891 + және 2026 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1438 адамның жағдайы ауыр,

• 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 182 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.