Мыңнан аса адам ауыр жағдайда жатыр - COVID-19 жұқтырғандар туралы

21 шілде, 09:03
776

2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы және коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"19.07.2021 ж. коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 227 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 75 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар - 58 883, 3562 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 53 605-ке жетті", - делінген хабарламада. 

 
Сонымен қатар, ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы 2021 жылғы 21 шілдедегі ақпаратты жариялап отыр.

21 шілдедегі мәлімет бойынша, 64 367 адам коронавирус инфекциясынан (62 651 КВИ+ және 1 716 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 20 050 пациент стационарда,
  • 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 157 адамның жағдайы ауыр,
  •  263 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  160 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда "қызыл" аймаққа кірмеген екі ғана облыс қалды. Ал кейінгі тәулікте 5 179 адамнан коронавирус анықталды.