Қазақстандық профессор: Алдағы уақытта балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды ұсынамыз

10 маусым, 21:05
446

Қазақстанда коронавирусқа қарсы балалар мен жасөспірімдерге вакцина егіле ме? Бұл туралы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Разила Егембердиева айтты.

Оның пікірінше, балалар мен жасөспірімдерге вакцина егу өте қажет.

 "Балалар контингентінде короанвирус ауруының жиілеуі туралы мәліметтер көбейіп келеді және олардың арасында ауыр жағдайлар тіркелген. Ресей ғалымдарының айтуынша, COVID-19-қа қарсы барлық үш вакцина педиатрияда алдағы уақыттақолданылады, бірақ балалардың дозасы ересек адамнан әртүрлі болуы керек. Менің ойымша, біз балаларға вакцина егуді ұсынатын осы кезеңге де жақындаймыз", - деді Егембердиева. 

stan.kz