Тағы екі өңір "қызыл" аймаққа кірді

03 мүмкін, 11:39
465

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы қауіпті "қызыл" аймаққа кірді.

 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 мамырдағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

 

Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.

 

Бір күн бұрын Жамбыл облысы мен Шымкент "сары" аймақта орналасқан еді.

 

Ал Алматы облысы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" ауысты.

 

"Сары" аймақ: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

 

"Жасыл" аймақ: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

Өткен тәулікте республикада 2496 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп отыр. Пандемия басталғалы елде індетке шалдыққандар саны 327 995 адамға жетті.

 

 

 

 

sputnik.kz