Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауыр

26 марш, 16:59
0 1

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Жағдайы ауыр. Науқасқа барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басқармадағылар.

 

Айта кетейік, 22 наурызда да ер адамның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Ер адамға екі жақты пневмония мен бірінші деңгейдегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған болатын.