Тоқаевтың сынына қалған "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен босатылды

16 сәуір, 11:33
475

Ұлан Әліпов "Қазавтожол"ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі", - деді Берік Уәли.

 
Сонымен қатар ол президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.