Досымның әйелі екінші досыммен көңілдес екен

22 мүмкін, 17:43
0 1

 Көптен бері жанымды жегі құрттай жеп келген мына жайтты сіздермен бөліскенді жөн деп шештім. Мұным бәлкім дұрыс, бәлкім бұрыс шығар. Білмеймін. Бірақ ішіме сыймай кетті. Сіздермен бөлісіп, ақыл сұрағым келеді.

Сонымен жағдай былай.

Біз үш дос едік. Талғат, Мұрат және мен. Университетті бірге оқыдық, студенттік жылдардың қызығын бірге бөлістік. Бірге бір қалада қалдық. Үйлендік. Сонда да араласып тұрдық. Солай жақсы қатынаста жүре беруіміз де мүмкін еді. Тек мына жағдай ғана мені олардан алыстатты.

Сөзді төтесінен айтар болсам, Талғат Мұраттың әйелімен жүреді екен. Былайша айтқанда, Мұраттың әйелі – Талғаттың көңілдесі. Мұны бірде ішіп отырып Талғаттың өзі айтты. Ортамызда Мұрат жоқ болатын.

Алғашында Талғаттың айтқанына сенгім келмеген. «Мас болып не айтып отырғанын өзі білмейді-ау» деп ойлағанмын. Мұраттың әйелі сылаңдаған сұлу. Мұратқа тұрмысқа шыққанына үш-төрт жыл болса да бала тумаған. Қысқа киіп, боянып, тәлпіштеніп жүрген біреу. Соған қызығып армандап отыр ма екен деп те ойладым. Бірақ Талғат сондай мас емес еді. Үш-төрт жүз грам араққа ол оңайшылықпен мас болмайтын…

«Сенбейсің бе, рас айтамын. Кейін біреуден естіп, не болмаса аяқ асты үстімізден түсіп жатсаң шошып кетерсің деп алдын ала айтып жатқаным ғой. Бұған кінәлі мен емес. Баянның (Мұраттың әйелінің аты) өзі. Бірде Мұрат Астанаға кеткен кезде әлдебір жұмыспен үйіне бара қалғанмын. Баян жібермей шәй қойып, тамақ жасап дастархан жайды. Астан аттап қайда барамын? Досымның үйі ғой деп алаңсыз отырдым. Баян дастарханға коньяк әкелді. «Рөлдемін, ішпеймін» дегенге қараған жоқ. Іштік. Ол да ішті. Ішкен соң әңгіме қызды. Сөз арасында «сұлусың, сымбаттысың, сұмдықсың» деген сөздерді де айтып қалдым.

Ол қалжыңды басқаша түсініп қалған сияқты. «Рас па?» деп маған қадалсын. Онымен қоймай «Сен маған баяғыдан ұнайсың» деп, мені келіп құшақтасын.

«Қой, Баян, Мұрат менің жан-жолдасым, ортамызда мұндай болуы мүмкін емес», деп тартыншақтап, оны кері итеріп әлекпін. Ол болса құшақтап сүйіп, жабысып өліп барады.

Мен де ішіп алғанмын. Қызумын. Өзі өліп-өшіп тұрған әйелдің қолын қайтара алмадым.

Әйтеуір төсекке келіп құлағанымды білемін. Содан біраз уақыт Мұраттың үйіне бармай қашқақтап жүрдім. Мұрат звондап «ей, қайда жүрсің. Көрінбей кеттің ғой. Келсеңші үйге», деп шақырып тұрады. Менде оған қарайтын бет жоқ. Содан Баянның өзі артымнан қалмады.

Ақыры көңілдес болып тындық. Қазір былайғы уақытта дос ретінде отбасымызбен араласқанымызбен, оңашада Баян екеуімз как ойнас ретінде кездесеміз. Жағдай осы», деді Талғат.

Не сенерімді, не сенбесімді білмей отырып қалғанмын. «Сенбесең міне, қара. Баянға жабысып жүрген мен емеспін. Мынаны бірде байқатпай телефонға тартып алғанмын деп, ондағы видеоны көрсетті.

Видеода төсекте Талғат шалқасынан жатыр. Үстіне Баян атша мініп алып, өліп-өшіп сүйіп жатыр. Арасында «сен ғана менің құмарымды қандыратын» деп ыңырси ма, қайтеді.

Бұдан арыға шыдамадым. «Ит екенсің» дедім Талғатқа. — Қалай сені досым деп келдім. Әзәзіл, харам екенсің. Көрмегінім сен бол, бұдан кейін», деп жерге бір түкіріп, орнымнан тұрып кеттім.

«Менің кінәм не? Көріп тұрсың ғой, міне, Баянның өзі» деп Талғат дау айтты.

«Баяндыкі мекіре қатынның ісі. Бәлкім ол Мұратқа дейін де талаймен жатып, үйреніп қалған қаншық шығар. Сенікі не? Біз дос емеспіз бе? Жатқыш болсаң басқа қатын құрып қалды ма? Алматыда жүргіш жезөкше, жәліптер көп емес пе? Соларға неге бармайсың, досыңның әйеліне артылғанша. Енді сенің жүзіңді көрмеспін», деп қолымды бір сілтеп кетіп қалдым.

Содан бастап Талғатпен де, Мұратпен де араласуды қойдым. Талғат менің өзіне ренжігенімді түсінді. Үйге де, жұмысқа да іздеп келіп кешірім сұрады. Бірақ иілікпедім. Мұраттың үйіне баруды да тоқтаттым.

Ал бәрінен бейхабар Мұрат ешнәрсені түсінбей дал болды. Оның үйіне қалай барамын?

Жезөкше Баянның түк білмегенсіп, өтірік күліп қарсы алып, шығарып салғанына жаным төзбейді. Бірде болмаса бірде айтып салып, не болмаса қол жұмсап қалуым мүмкін.

Әйелім «Мұрат пен Талғатпен араласпай кеттің ғой. Не болды?» деп сұрап қояды. «Жай, бір себеппен», деп қолымды сілтей саламын.

Осылайша студент жылдардан бірге жан аяспас дос болған жігіттерден ажырадым. Менікі дұрыс па, бұрыс па, білмеймін.

Бәлкім, түк білмегенсіп, өтірік күліп жүре беру керек пе еді?