“Хатунды сақтау - Еркек тоқты құрбандық” деген 2070 жылғы бағдарлама қабылданды

25 қараша, 16:59
1250

Кеше Хатунымыз екеуміз Ажал туралы сөйлестік. Салқынқанды анализге салсақ, Хатунның балаларға маңызы менен гөрі маңыздыр-ақ екен. Әрине Әке де, Ана да керек балаларға, алайда Ананың рөлі тым зор сияқты.
Ер азамат бірінші кетсе, отбасы кедейлену мүмкін, отбасы асыраушыдан айырылып экономикалық қаржылық қиындықтарға душар болуы мүмкін. Бірақ әйел адам кетсе, үйден береке мен мейірім кетеді екен. Балалар тоқ, көйлегі көк болуы мүмкін, туыстары мен әпке-әжелер балаларға ие болуы мүмкін, бірақ Анадай бола алмасы айдай анық.
Балаға тамақ беру, баланың кірін жуу, баланы еркелету, баланы ұйықтату, баламен сабақ оқу - барлығы әйел адамның мойынында. Сондықтан, біздің отбасыда “Хатунды сақтау - Еркек тоқты құрбандық” деген 2070 жылғы бағдарлама қабылданды. Сол бағдарлама бойынша, өмір сүру керек енді.
Түсінсеңіздер.

facebook.com парақшасынан