Бізді ешқандай дәрі емдеп жаза алмайды

13 қазан, 22:30
1064

Шаршап, көзіме жас, тамаққа өксік тығылды. Депрессия. Стресс. Дәрігер түрлі укол, витамин салды. Әсер етпеді.
Үйге келдім. Әне міне құлайтындай, қатты аурудың күйін кештім. Көз алдыма ауыл келіп, жанарым жәутеңдеп, өліп кетем бе деп бәрімен іштей қоштасып қоям. Қарыз алған адамдарды ойша түгендедім. Аһілеп, уһілеп есім кіресілі шығасылы. Феисбуктан көрсем бе деп армандаған адамдарды саусағыммен санап шықтым. Оларды көрмей кетудің обалын ойлап, ішім күйді.
Телефон шар етті. Тұтқаны көтердім. Әсем екен. 1 жарым сағат сөйлестік. Айжанның 200 мыңға алған көйлегінің онша емесін, Саматтың әйелі мамбетка, Майраның Франциядан алған туфлиі сапасыз екенін айттық. Кеше ғана Парижге барып келген миллионер отбасы Марат пен Айғанымның даже тойда тост та сөйлей алмайтынын да талқыладық. Уф! Жаным кіріп, көзім шайдай ашылды ғой. Басымның ауырғаны сап тиылды.Тек звондаған Әсем екеуміз ғана со вкусом киініп, ең керемет адам екенімізді білген соң ғана жазылдым ғой құрысын.
Бізді ешқандай дәрі емдеп жаза алмайды. Әуре болмаңдар, еркектер!

facebook.com парақшасынан