Қыз Жібекке ғашық болып, шыдамай кетеді" депті!

13 қазан, 21:33
2353

Кеше оқушыларының дәптерін тексеріп отырған әйелім қайта-қайта айқайлап күле береді. Басында компьютерде отырып мән бермегем. Тіпті қоймағасын "әй, жын түртті ме? Неге күле бересің?" дегем ғой. "Тыңдашы, - дейді бір дәптерді қолына алып. -"Төлеген Бекежанның туған бауыры. Бекежан қараторы, орта бойлы, телосложениясы орташа жігіт..." дегенде күлкіден жарылмасым бар ма? Ол - ол ма, одан кейінгі бір оқушы: "Қыз Жібек жоңғардың қызы. Әке-шешесінің айтқанын тыңдайтын, шолпысы босқа сыңғырламайтын, үйден бір қадам аттап шықпайтын қыз болған" депті). Тағы бір бала: "Тоныкөк жоңғарларды жеңгесін халық оған сыйлық ретінде хан қып сайлаған" депті! "Төлеген айтқан сөзінде тұратын, орта бойлы қараторы жігіт. Қыз Жібекке ғашық болып, шыдамай кетеді" депті!)
Еще қаншамасы осы жұмысты бір-бірінен сол күйі көшіріп алған ғой!
Компьютерімнің қайда қалғанын білмеймін, мен еденде домалап жаттым!)
Тағы да біраз "әңгімесі" бар еді, қатты күлем деп ұмытып қалдым ғой).
Күлеміз-ау. Бұл күлкі емес, нағыз трагедия ғой! Жыр-дастандарымызды оқулыққа молынан енгізбесек, тамырымыздан осылай ажырай береміз.

facebook.com парақшасынан