Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікте 22 адам хабар-ошарсыз кеткен

14 қаңтар, 19:27
457

2022 жылңы 4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

 

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған.

 

Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда.

 

Барлық оқиғалар бойынша іс қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.

 

 Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.