Қызылордада 18 жастағы қыз бір аптадан кейін табылды

23 қазан, 01:26
367

Қызылордада полицейлер 7 күннен бері хабарсыз кеткен 18 жастағы қызды аман-есен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы қыздың анасы хабарласты. Онда қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтылған.

Қызылорда қаласында тұратын азаматша 15 қазан күні сағат 17:00-18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған бойжеткен 22 қазанда таңғы уақытта облыс орталығынан табылып, ата-анасына табысталды. Полицейлер табылған бойжеткеннің және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жүргізді.