Семейде ер адам 16-қабаттан секіріп кетті

22 қазан, 17:35
509

Семей қаласында ер адам 16-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Кеше әлеуметтік желілерде Семей тұрғынының 16-қабаттан секіріп кеткендігі жайлы ақпарат тараған болатын. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

 

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

«Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін өзі өлтіруге жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

 

Ведомство өкілдерінің дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етілмейді.