Алматыда тоғыз жастағы бала жоғалды

20 қазан, 18:30
498

Алматыда 9 жастағы баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Әлеуметтік желілерде еріктілер оқушының жоғалғаны туралы хабарлады. Гүлнар Агеева 20 қазанға қараған түні ата-анасы ұйықтап жатқанда, бала үйден кеткені туралы хабарлама жариялады.

 

"Бала қара спорт шалбарын, аю бейнеленген сұр жемпір және қара-жасыл камуфляж өрнегі бар  күрте киген", - делінген баланы іздеу туралы хабарламада.

 

Полиция бала әлі табылмағанын растады.

 

 

Жоғалған баланы Lider.kz тобының еріктілері де іздеп жатыр. Олардың хабарландыруында баланың Наурызбай батыр, 26/1 (Мақатаев бұрышы) мекенжайындағы үйден шыққаны нақтыланады.

 

 

Еске салайық, сәуірде Қостанай облысында 11 жастағы оқушы  жоғалып кеткен болатын. Бала келесі күні Қостанайдағы үйлердің бірінің кіреберісіндегі орындықта ұйықтап жатқан жерінен табылды.