Нұр-Сұлтанда жастар селфи үшін көпір аркасына көтерілді - видео

20 қазан, 18:00
359

Елорда полициясы Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына көтерілген тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар әсерлі фото түсіру үшін көтерілген.

 

 

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш тәртіп бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді.

 

"Олардың жеке басы анықталды. Олар 18 және 19 жастағы жастар. Құқық бұзушылардың өзі мұндай әрекетке қала көрінетіндей әсерлі фотоға түсу үшін шыққанын айтты", - дейді полиция.

 

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Сонымен қатар жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау және келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Полиция департаменті мұндай фотосессиялар көбінесе қайғылы жағдаймен аяқталатынын айтты.

 

 

sputnik.kz