Өскеменде 12 жастағы оқушы сабаққа бармау үшін полицияға жалған арыз түсірген

20 қазан, 09:18
333

Полицияға хабарласқан қыз бала өзін ата-анасының ұратынын айтыпты

Өскемен қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сай, 18 қазанда "102" жедел желісіне шұғыл қызмет психологы 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы айтты. Жеткіншек өз сөзінде ата-анасының оны және апайын ұрып-соғатыны туралы хабарлаған.

 
"Аталған фактіге орай полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқан. Жеткіншектің анасы оны қосымша сабақтарға жазған, ал оқушы қыз оған қатысқысы келмеген", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.