Алматыда жанармай бекетінде төбелескендердің кім екені анықталды (видео)

19 қазан, 14:49
417

Желіде Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде бір топ жастың төбелесінің видеосы пайда болды. Полиция осы оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Желіге шыққан видео астындағы постта: «Каршеринг» машинасындағы жастар у-шу шығарды» деп жазылды.

 

Посттың авторы кадр сыртында оқиғаның Сейфуллин көшесіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде болғанын айтты.

 

Аталған оқиға бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінде ресми мәлімдеме жасады.

 

«Аталған фактіні Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жанжалға қатысушылар анықталып, жауапқа тартылатын болады»,- деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.