Қызылордада 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

19 қазан, 01:39
390

Қызылордада 18 жастағы бойжеткен үш күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қызылорда қаласында тұратын Жанұзақ Айдана Қайратқызы 15 қазан күні сағат 17:00-18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

 

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Үстіне қара түсті былғары куртка, қара түсті шалбар, аяғында қызыл түсті кроссовка киген. 18 жастағы бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз. Тел: 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.