Ақмола облысында 26 жастағы жігіт көлікпен бірге батпаққа батып кетті

19 сәуір, 22:13
607

Ақмола облысында батпаққа батып кеткен жүк көлігінің тізгінінде 26 жастағы жолаушы болған. Елордадағы жеке компаниялардың біріне тиесілі көліктің  жүргізушісі оқиға болған кезде сол жерде сыртта жүріпті.

 

Нұрсұлтаннан  Шортандыдағы құм карьеріне  шыққан бес жүк көлігі батпақты жолмен өтіп кетіп, біреуі батып қалған.

 

Сөніп тұрған көлікті  трактормен жұлқи тартқан кезде жиектегі тереңдігі 2 метрдей суға ауып құлаған. Осы сәтте салонда жолаушы жігіт болған. Апат орнында болған бірнеше адам  оны құтқаруға ұмтылған. Бірақ батпаққа тұншыққан жолаушы сол жерде көз жұмыпты.

 

Дәл сол күні оның егіз сәбиі дүние есігін ашқан екен.

 

«Альстрой Транс групп» фирмасының басшылары марқұмды мүлдем танымаймыз деп отыр.

 

Кездейсоқ жүрген адам болғандықтан, арнайы инспекция да ешқандай шара қолданылмайды деп отыр.

 

Осы оқиға бойынша полиция тергеуді бастады.

 

Әсемгүл Кочубаева, Ақмола облысы ПД басқарма тергеушісі:

 

- Жолды ағын су шәйіп кеткен. «Шансиманды»тартқан кезде ауыр жүк көлігі бір жағына ауып кетіп, ондағы азамат кабинадан  шыға алмай қалған. Марқұмның денесі Нұрсұлтан қаласына мәйітханаға жіберілді. «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 

ktk.kz