Желіде Петропавлда автобус жүргізушісі мен жолаушының төбелесі түсірілген видео тарады

19 сәуір, 17:32
568

Петропавлда автобустардың бірінде жүргізуші мен жолаушы төбелесіп қалды. Оларды полиция қызметкеріне бөлуге тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Екі ер адам арасындағы жанжалды куәгерлер видеоға түсірген. Кадрлардан олардың төбелесі жолаушылардың көзінше басталғанын көруге болады. Оларды полицейлер келіп ажыратты.

 

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

 

"№ 7 жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушының арасында болған оқиға бойынша полицияға арыз түскен жоқ. Осындай деректерді қайта болдырмау мақсатында барлық қатысушымен профилактикалық әңгіме өткізілді", - деп хабарлады Петропавл полиция басқармасы өкілі.