Қарағанды маңында жолаушылар автобусы аптақа ұшырады

28 қараша 2020, 18:11
314

Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды.

 

Апат кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған.

 

Оқыс оқиға бүгін сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей болған.

 

 «Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, №121 маршруттағы автобуспен соқтығысқан. Салдарынан 65 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

 

Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

 

24.kz