Павлодарлық полицейлер күдікті автомобилді алты патруль көлігімен қуып ұстады

22 мүмкін, 14:03
0 1

Оларға жүргізуші алкокогольдік ішімдікке тойып алып, рөлге отырды деген хабарлама түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Хабар берген жергілікті тұрғындар екен.

 

Көлікті жүргізушісі полиция талабына бағынбай, қашып құтылуға бекінген. Алайда ол жоспары жүзеге аспады.

 

Тексеру кезінде көлікті 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны басқарғандығы анықталды. Медициналық сараптама оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсеткен.

 

Қазір бұл іс бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіледі.