Атырау облысында газ жарылысынан төрт адам зардап шекті

21 мүмкін, 14:27
0 1

Атырау облысының Құрманғазы ауданында газ қоспасының қопарылысынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

21 мамыр күні сағат 09:30-дар шамасында Құрманғазы ауылындағы жеке үйде табиғи газдың шығуы салдарынан қопарылыс болып, үйдегі заттар, жиһаз өртеніп, жалын үйдің шатыр шарпыған.

Өрт сөндірушілер күшімен 100 шаршы метр аумаққа тараған жалын сағат 10:48-де толық сөндірілді.

 

 

 

«Оқыс оқиға салдарынан күйік шалған төрт адам - 56 жастағы, 22 жастағы ер адам, 51 жастағы әйел және 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.