Қостанай облысында 7 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

20 мүмкін, 12:51
0 1

Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауылында болды.

 

17 мамырда бала облыстық балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілді, деп хабарлады аймақтағы "Алау" басылымы.

 

"Басс үйек-мидың ауыр жарақаты анықталды. Бас сүйек сынған, эпидуральды гематома, кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Баланың қалай жарақат алғаны бізге белгісіз", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, бала есін жимай, бір тәуліктен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.

 

sputniknews.kz