Бұқтырмадағы демалыс базасында жойқын өрт шықты

18 мүмкін, 23:49
0 1

ШҚО-дағы Бұқтырма суқоймасының жағалауында орналасқан демалыс базасында өрт шықты, деп хабарлайды   altaynews.kz тілшісі.

 

ТЖД ақпараты бойынша, тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар құтқарушылар, орманшылар және тұрғындар да жұмылдырылған. Барлығы – 21 адам.

 

Өрт «Яры» демалыс базасынан шығып, үш үй, шөп, бұталар мен орман зонасы өртеніп жатыр. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.