Оралда өгей әкесін өлтіргені үшін қамалған жасөспірім тергеу изоляторында өлі табылды

18 мүмкін, 18:27
0 1

Оралда өгей әкесін өлтірген жасөспірім қыз тергеу изоляторында асылып қалды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 мамыр күні орын алды.

 

Шамамен сағат 15.30-да тергеу изоляторының қызметкерлері камерадан Ирина Лапинаның мүрдесін тапты. Марқұм колготкиінің бір ұшын терезе торына, екінші жағын мойнына байлап, асылып қалған. Соңына жазба қалдырмаған.

 

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, Орал қаласы полиция басқармасының жедел тергеу тобы, прокуратура өкілі, сондай-ақ «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан филиалының басшысы шақырылды.

 

Қарау кезінде қыздың денесіне зақым келмегені анықталды. Асылып өлген марқұмның мүрдесі туысқандарына тапсырылды.

 

«Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. ҚР Қылмыстық процесс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өгей әкесін өлтірген 17 жастағы жасөспірім қыз бен оның досы сотталғанын жазған болатынбыз.