"Сіздерге біздікіндей шыдам тілеймін": Бейбіт Қорған шетелде жарымен 14 жыл отау құрған күнін тойлады

25 қараша, 01:04
634

Бейбіт Қорған жарымен отау құрғанына 14 жыл толуына байланысты Түркияға аттанды. Әнші шетелде отбасымен атаулы күнді тойлап жатыр. 

"Ассалаумағалейкум, құрметті ағайын-туысқандар! Қалайсыздар? Бүгін біздің шаңырақта үлкен той! Жұбайымызбен бір-бірімізге шыдап келгенімізге 14 жыл болды! Шын жүректен Алладан сіздерге де біздікіндей шыдам тілеймін! Отау құрғандарына 30, 40, 50 тіпті 60 жылдық той тойлап жүрген үлкен кісілердің шыдамыына таңғаламын! Тіл-көзден аман болайық! Қазақтың барлық шаңырағында құт-береке, бақыт болсын, Алланың нұры жаусын деп тілеймін", – деп жазды Бейбіт Қорған. 

 Әнші өзгелерге дәл біздікіндей шыдам берсін деп тіледі. Ал 50-60 жыл бірге тұрған адамдардың сабырлығына таңғалатынын жасырмайды.

Бұған дейін әнші әйелі екеуінің мінезі жараспай екі жақта жүргенін айтқан болатын. Тіпті екінші әйел алуға дайын екенін жеткізді. Араға уақыт салып жарымен қайта бірге екенін айтты. 

 
Желідегі оқырманы бақыт тілеп, ақ тілегін айтты.

“Мәңгі бірге болыңыздар”, “Құтты болсын, бірге әдемі қартайып, 60+70+80 жылдық отбасы құрған мерейтойды бірге тойлаңыздар”, “Жұптарың жазылмасын, бірге әдемі қарттыққа жетіңдер”, “Маған да шыдам керек болып тұр, рахмет шыдам берсін Алла”, “Өте жарасасыздар”, – деп жазды олар. 

Әнші 2016 жылы берген сұхбатында анасы қайтқаннан кейін, бауырларымен де ара-қатынасы бұзылғанын айтқан еді. Бейбіт отбасында төрт ағайынды. Бүгінде бауырлардың арасы тіптен алыстап кеткен көрінеді.