Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды

18 мүмкін, 08:52
0 1

Қарақат Әбілдинаның аяулы анасы Қаламқас ана өмірден озды. 

Қаралы хабарды әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова хабарлады. 

 

"Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл- қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын", - деп жазды Сәдуақасова. 

Желі қолданушылары мен өнердегі достары көңіл айтып, қайырлы болсын десіп жатыр.

"Жаны жаннатта болсын. Иманды болсын", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев. 

"Апамыз иманды болсын. Ораза айында жаны жәнәтта болсын", "Иманды болсын жаны жəннəтің төрі болсын", "Иманды болсын! Артында қалған үрім бұтақтарына сабыр, денсаулық, амандық тілеймін", - деп жазды желідегі жазылушылар.