"Казиноға да бардым": Өмірқұл Айниязов құмар ойындарға әуестігі жайлы

14 мүмкін, 00:01
0 1

Әнші Өмірқұл Айниязов көпшілік арасында тараған қауесетке өзі жауап берді. Әнші құмар ойынға салынып кетті деген рас па? Айниязов арам жолдағы ойындарға біршама әуестігі болғанын жасырмайды.

Бұл туралы Талантым-тағдырым бағдарламасында айтылды. 

 

"Мен кезінде автоматқа ақша салып көп ойнадым. Ол кезде автомат ойындардың қызып тұрған кезі. Отбасымның, бала-шағамның аузынан жырған ақшаға ойнаған жоқпын. Тойдан тапқан ақшасын жартысын салатынмын. Солай ұтылып та, ұтып та жүрдім. Ал, казиноға бір рет қана бардым", - деді ол. 

Айтуынша, казиноға барып ұтыс ұтып қайтқан күндері болған. 

"Достарыммен бірге казиноға бір рет барып көрдім. Казиноға қызыққан емеспін. Достарым өтінген соң келістім. 300 доллар салып, 500 доллар ұтқан едім. Оны сол жерде-ақ жұмсап келдім. Казинода беліне орамалын байлап алып, апталап жүретін, сол жерге қонып ойнайтын жігіттер бар. Олар соған берілгендер. Мен олай құмартқан емеспін. Қай жағдайда да өзімді тоқтата аламын деп ойлаймын", - деді әнші.